Алматы әкімшілігі Республика алаңының аумағында шұңқыр қазуға рұқсат беру туралы ақпаратты жоққа шығармады да, растамады да

"Кеше түнгі 11 сағатта мұндай ақпарат болған жоқ",- деп хабарлады агенттік тілшісіне телефон арқылы әкімшілік баспасөз қызметінің бастығы Айгүл Аспандиярова. "Базис-А" корпорациясының баспасөз қызметіндегілер де бұл ақпаратты жоққа шығармайды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Алматы әкімшілігіндегі ақпарат көзі әкімшілік "Базис-А" корпорациясына "Алмалы" жер асты кешенін салу үшін Республика алаңының бүкіл аумағында шұңқыр қазуға рұқсат берді және әкімшіліктегілер мұны қажет деп санайтындығы туралы хабарлаған болатын.

Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, әкімшіліктегілер "Базис-А" компаниясы алаңда жаңа жол төсенішін жасау қажеттігін алға тартып, жоспардан тыс жұмыстардың орындылығын жұртшылық үшін нанымды түсініктеме дайындауы қажет деп санайды. Ақпарат көзінің айтуынша, "мұны қысқа мерзім ішінде жасау қажет".

Ақпарат көзінің айтуынша, Республика алаңының бойымен асфальт қабатында сызаттардың пайда болу себебі "Базис-А" компаниясының басшылығының өкімімен алаң аумағының астындағы жер асты құрылысы кезінде жарылыс жұмыстары жүргізу болып табылады.

Естеріңізге сала кетсек, кең ауқымда жарнамаланған "Алмалы" сауда орталығы салынардан бұрын "Базис А" компаниясы алаңның үстіндегі қозғалысты тоқтатпайтындары жөнінде кепілдеме берген болатын.