"Шығыс айналма жолын "Қуат" өз қаражаты есебінен салған. Бұдан өзге корпорация Астанадағы Министрлер үйін де салған. Оның да ақшасын төлеген жоқ", - деді үлескерлерге И. Демин.
"Біз әкімшіліктің "Қуат" алдындағы қарызын қайтаруына қол жеткізгіміз келеді. Сонда "Қуат" өз кезегінде біздің алдымыздағы міндеттемелерін орындайтынына үміттенеміз", - деді үлескерлер.
Шәкәрім көшесінің шығыс жағы мен Прокофьев көшесінің солтүстігінде орналасқан 5 үйден тұратын "Сайран" тұрғын үй кешеніндегі 600-ден астам пәтердің иелері сенбі 1-наурыз күні өз үйлерінің маңында шеруге шыққан. Оның басты себебі олардың үйлерінің әлі де коммуникацияға қосылмай тұрғандығы болып отыр.
Үлестік құрылыс шартына сәйкес, олардың үйлерінің пайдалануға берілу мерзімі 2007 жылдың сәуір айы деп белгіленген. Алайда, үйде әлі күнге дейін не жылу, не жарық, не су жоқ. "Қуат" корпорациясы үлескерлерге ақша жоқ және бес үйді қажетті коммуникацияға қосу үшін қаражат іздеп жатқандарын хабарлаған.
Шеру кезінде үлескерлерге "Қуат" корпорациясының басқарма төрағасы И. Демин қол қойған кезекті кепілдік қағаздарын үлестірді. Ол бойынша, наурыз айының соңына дейін жылу, жарық және су қосылып, барлық үлескерлерге олардың пәтерлеріне заңдық иелік ету құқын беретін құжаттар берілетін болады.
Шеруге қатысушылардың айтуынша, компания әкімшілігі үлескерлермен келіссөздер барысында корпорацияның қиын жағдайда қалғанын бірнеше мәрте хабарлаған. АПК мен "Суарнасы" АҚ-на "Қуат" 300 млн теңгеден астам сома қарыз. Сонымен бірге, өзінің жұмысшыларын жалақы бойынша орасан зор қарызбен демалысқа жіберген. Қарызы үшін "Қуаттан" техникасын тартып алып жатыр. Атап айтқанда, "АТФ-Лизинг" компаниясы 10-20 тонналық КамАЗ-дарды, бетон насостарын, бульдзерлерді тартып алып, сатып жатыр. 110 мың доллар тұратын бульдозерлерді олар 20-30 мыңға сатуда. Және 350 мың АҚШ доллары тұратын бетон насостары да нақты құнынан әлдеқайда төмен бағаланып отыр.
Бұл үлескерлердің пайымдауынша компанияны банкроттыққа алып келмек. Егер ондай жағдай бола қалса, "Қуат" үлескерлер алдындағы міндеттемелерінен босатылатын болады. "Біз компанияның банкрот болуынан қорқамыз. Себебі біз үлестік құрылыс шартына 2007 жылдың 1-қаңтарында "Тұрғын үй құрылысындағы үлестік құрылыс туралы" заң шыққанға дейін қол қойғанбыз". (Құрылыс 2005 жылы басталған - агенттік ескертпесі)
Сонымен бірге, "Сайран" кешені орналасқан жер телімі 10 миллион АҚШ доллары сомасында несие қаражатын беру үшін "Казкоммерцбанк" ААҚ кепілдікке қойылған.
"ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің проблемамызға назарын аударады деп үміттенеміз. Елбасы өзінің Қазақстан халқына жолдауында құрылыс саласындағы басым бағыттардың бірі ретінде тұрғын үй құрылысына өз жинақтарын салған азаматтардың мүдделерін қорғау белгіленгенін айтты", - деп еске салды үлескерлер.