Алматы әуежайын дүрліктірген қаскөйге іздеу жарияланды


Іле-шалаәуежайға жеткен қаланың барлық құтқару қызметімаңайды қоршап, жолаушылар мен қызметкерлерді, бас-аяғы 600-дей адамды қауіпсіз орынға көшірді. Ал ғимарат ішін бір сағаттай тінтіген құтқарушылар айтылған бомбаны ақыры тапқан жоқ. Дегенмен, сол жалған ақпараттың кесірінен бірнеше әуе рейстері кейінге қалды. Қазір елді дүрліктірген қаскөй іздестірілуде.