Алматы әуежайына Қонаев есімін беру ұсынылды


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттар әуежайға Қонаев есімін беру туралы сауалды вице-премьер Роман Склярға жолдаған.

16 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев егер халық бастама көтерсе, Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгерту ұсынысына қосылатынын мәлімдемеді. 24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының отырысы өтіп, онда дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағайдың атауын "Дінмұхамед Қонаев" деп өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданды.