Алматы әуежайында 100 мың евроны контрабандалық жолмен елден шығаруға жасалған оқиғаның жолы кесілді

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы халықаралық әуежайының VIP залы арқылы барлық, яғни, кедендік, шекаралық және арнайы тексеруден өткізілгеннен кейін жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде Алматы - Стамбул бағытындағы №1351 әуе рейсімен ұшпақшы болған Қазақстан Республикасының азаматы тұтқындалды. Оның қол жүгінен декларациядан өткізілмеген 100 мың евро көлеміндегі валюта табылған.