Алматы әуежайында 16 рейс бөгелуде

Әуежайдың ресми сайтының ақпаратынша, Ашхабад, Ақтөбе, Астана, Өскемен және Киевке ұшыру кейінге шегерілді.

Ашхабад, Шымкент, Астана (2 рейс), Тегеран, Павлодар, Дели (2 рейс), Тараз, Орал мен Үрімжіден ұшып келетін рейстер жоспарланған уақыттан кейінірек әуежайға қонады деп күтілуде.

Бөгеліс 30 минуттан 12 сағатқа дейінгі уақытты құрайды.