"Үрімжіге ұшатын рейстің кедендік бақылауынан өткеннен кейін көрінерліктей күйгелектенген және өзін дұрыс ұстамаған жолаушылардың бірі кеден қызметкерлерінің назарын аударған. Бұл жолаушыны толығымен жеке тексеруге себеп болды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Одан декларациядан өткізілмеген және ауызша мәлім етілмеген 204 мың АҚШ доллары мен 2 мың қытай юаньі табылды. ҚР ҚК 209-бабы (Экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды.