"15 ақпанда жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 6-да Алматы халықаралық әуежайында шұғыл іздестіру шараларының барысында "VIP" залына шыға берісте Стамбул-Алматы рейсімен келген Қазақстан азаматы ұсталды. Жүкті тексерген кезде декларацияда көрсетілмеген алтын зергерлік бұйымдар табылып тәркіленді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Кеденшілердің хабарлауынша, контрабандалық алтынның құны 1 млн доллардан асады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.