Алматы әуежайында Ан-24 ұшағы қонатын сәтте оның шассиі істен шықты; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Ан-24 ұшағы Алматы мен Бішкек арасындағы №4228 рейспен келген. "1-тамыз күні 14 сағат 15 минутта ұшақ қонатын сәтте шассидің үш пневматикасы істен шықты", деп нақтылайды мекеме.

Ұшақта экипаждың төрт мүшесі болған. "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ",- деп хабарлады мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті