Алматы әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр

Атап айтқанда, Алматыға Астанадан (3), Стамбұл, Бангкоктен келуі тиіс рейстер ұшпайтын болды. Сондай-ақ, Ницца, Гонконг қалаларынан келетін рейстер бөгеліп жатыр.

Ал, Алматыдан Астанаға (2), Хошиминге, Лондонға, Стамбұлға ұшуы тиіс рейстер кейінге шегерілді.

Қалада қазір жаңбыр сіркіреп, тұман басып тұр. Ауа температурасы +9 градус.


Әуежай басшылығы ұшақтардың кешігу себебін әлі түсіндірген жоқ.