Алматы әуежайында декларацияда көрсетілмеген 40 мың АҚШ долларын алып өту әрекетіне тосқауыл қойылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Стамбулға дейінгі рейстің кедендік, шекаралық және арнайы бақылауынан өткеннен кейін тұтқындалғанды тінту кезінде декларацияда көрсетілмеген 40 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

"Бұл оқиға бойынша департамент ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабы (Экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп көрсетілген арнайы хабарламада. Тұтқындалған ҚР азаматы болып табылады.