Алматы әуежайында «ОҢАЙ» терминалы орнатылды

Оның көмегімен Бірыңғай көлік картасын сатып алуға, кез-келген «ОҢАЙ» картасына айлық жол жүру тарифін қосуға және де карта теңгерімін толтыруға болады.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жаңа терминал әуежайдағы аялдама кешеніне жақын жерде орнатылды. Алдағы уақытта бұндай терминалдар санын арттыру жоспарланып отыр.

Қалаға ұшып келе салысымен қоғамдық көлік қолданушысы «ОҢАЙ» картасы болмаған жағдайда, терминал арқылы Бірыңғай көлік картасын келесі қарапайым командаларды орындау арқылы сатып ала алады: «Картаны сатып алу»-ды таңдау Қажетті қаражатты енгізу (карта құны) «Ары қарай» тетігін таңдау Берілген картаны қосу үшін санау құрылғысына жақындату.

Егер карта бар болса, оның теңгерімін толтыруға болады немесе бір күнтізбелік айға айлық жол жүру тарифін қосуға болады.


Алматының барлық қоғамдық көліктерінде «ОҢАЙ» электронды билеттендіру жүйесі жұмыс жасап жатқанын ескертеміз. Барлық жолаушылар міндетті түрде қоғамдық көліктегі жол ақысын «ОҢАЙ» картасы немесе «ОҢАЙ» билеті арқылы тіркеп отырулары қажет.