Алматы әуежайында оқу-жаттығулар өткізіледі

Оқу-жаттығулардың мақсаты - қаладағы басқарушы мекемелер мен Алматы әуежайының дайындық деңгейін тексеру, әуежайдың жауапкершілігі аясына енетін аймақта оқыс оқиғалар болған жағдайда құтқару-іздестіру секілді кезек күттірмес шараларды жүзеге асыруға апаттан құтқару қызметтерінің әзірлігін анықтау, шығын көлемін азайту және халықты осындай қауіп-қатерлерден қорғау болып табылады.

Оқу-жаттығуларға төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою жөніндегі мекемеаралық комиссия, Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, құтқару қызметі, азаматтық қорғаныс қызметі, апатты медицина орталығы мен "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ өкілдері қатысады.