Алматы әуежайында қомақты валютасын декларацияламаған Иран азаматы ұсталды

 Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

КС 911 рейсі бойынша «Алматы - Стамбұл - Тегеран» бағытымен ұшқалы тұрған Иран азаматын тексеру барысында декларацияланбаған 57 300 АҚШ доллары, 1 155 000 иран реалы, 440 түрік лирасы, 23 500 теңге табылды.

Ұсталған азамат пен валюталар «Жетысу» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.