Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру барысында төгілген сынапқа байланысты адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы-Тбилиси рейсінде аджика құтысына сынап салып, өткізіп жатқан жолаушы анықталды. Сынаптың көлемі шамамен 100-150 миллиметр. Оны терминал аумағында тексеру барысында анықтады. Тексеру жұмыстары жүріп жатқанда жолаушы ол сынапты қоқысқа төгіп тастаған. Ол Қазақстанның 38 жастағы азаматы болып шықты. Ережеге сәйкес, адамдар эвакуацияланды", - деп хабарлады әуежайдың өкілдері.
Қазіргі уақытта ЖІІБ-дегілер жолаушыдан жауап алып жатыр. "Рейстер тоқтатылып жатыр. Оқиға орнына ІІМ ТЖК қызметкерлері барды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Куәгерлердің айтуынша, әуежай қызметкерлері барлық жолаушыдан жолдың арғы бетіне өтуін сұраған.
© Tengrinews.kz
Loading...
.