Алматы әуежайында Түркиядан заңсыз әкелінген қомақты алтын бұйымдары тәркіленді

ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, «Алматы» шекара жасағы 26 жастағы Қазақстан азаматын Ыстамбұлдан келген КС-912 әуе рейсін тексеру барысында қолға түсірді.

«Жүкті тексеру барысында контрабандалық заттар табылды. Ол жалпы салмағы 60 келіге жуықтайтын алтын әшекейлерді үш сөмкеге жасырып алып өтпек болған», - делінген хабарламада.

Жедел-тергеу амалдары жүріп жатыр.