Алматы әуежайында жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскеннен кейін бір жарым мыңға жуық адам сыртқа шығарылды

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, бүгін 05 сағат 00 минутта "Алматы қаласының халықаралық әуежайы "АҚ ғимаратында жарылғыш зат қойылды деген жасырын ақпарат келіп түсті. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, соның салдарынан бір жарым мыңнан астам адам сыртқа шығарылып, үш рейс уақытынан кейінге қалдырылып ұшырылмады. Арнайы тексеру жұмыстары жүргізілгенде жарылғыш зат табылмады.