Бұл туралы ол Алматыда өткен қоғамдық кеңес барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аудан әкімінің айтуынша, Талғат Бигелдинов Түрксіб ауданында тұрған. "Мен онымен жеке таныс болдым. Бізде Құлжа тас жолынан әуежайға дейін жететін Бухтарминская көшесі бар. Көше үш шақырымға созылған. Оның маңында жаңа ықшамаудандар салынады. Бұл менің жеке ұсынысым. Меніңше, ол мамандығы бойынша ұшқыш болды, онымен қоса, сол көше әуежайға апаратын көше. Басқа атау таңдаудың қажеті жоқ. Бухтарминская - оны кімнің даңқын шығарып жатқанын білмеймін", - деді аудан әкімі.
Cондай-ақ, ол ҚР Генералдар кеңесінің одан көшені Түрксіб ауданынан таңдауды сұрағанын айтып өтті. "Мен бұл нұсқаны ҚР Генералдар кеңесіне ұсынамын. Содан олар қала әкімдігіне айтатын болады. Арнайы комиссия бар. Олар осы мәселені қарап, шешім қабылдайды", - деді Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов.
Айта кетейік, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов Авиацияның генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры және "Барыс" орденінің иегері. Анталаған жауға тұтқиылдан соққы беріп, есеңгіреткен есіл ер өз өмірінде 305 рет көкке көтерілген екен.