Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні кеште болған. «Оны кешкі сағат жеті жарымда намазханадан қансырап жатқан жерінен әуежайдың тазалық қызметкері тауып алған» көрінеді.
«Алматы облысында тұратын 23 жастағы азамат намазханаға кіріп, күре тамырын ұстарамен тіліп жіберген», - дейді департамент өкілі.
Сол жерде оған жедел жәрдем көрсетіліп, дереу ауруханаға жеткізілді.
«Өзінің айтуынша, ол өмірмен өз еркімен қош айтыспақ болған. Жуырда ол анасынан, әкесі мен бауырынан бірдей айырылғыпты. Еш жерде жұмыс істемейтін азаматтық қаржылық жағдайы да мәз емес көрінеді», - дейді полицейлер.