Алматы әуежайында күдіктіні ұстаған батыл азамат Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты

Бұл туралы әнші Бағлан Әбдірайымов Instagram-дағы stories-де айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бейбіт күннің батыры. Әкемнің інісі Мұса! Бір мақтанып қояйыншы”, - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әуежайында белгісіз адам қызметкер әйелді кепілге алған еді. Батыл азамат әйелдің орнына өзі кепіл болып, соңында қаскөйдің пышағын қолынан алып, оны ұстауға көмектескен.