Caravan Logo

Алматы әуежайында туристерге ерекше құрмет көрсетілуде

Алматы әуежайында туристерге ерекше құрмет көрсетілуде

2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай "Тәтті кәде-сый" атты ерекше акция өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы, шекаралық бақылау қызметі мен "Жетісу" кеден бекеті бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Мақсаты – Алматыға келген шетелдік туристерге ұлттық мерекенің ерекше атмосферасын сезіндіру, қазақ халқының қонақжайлығын көрсету және елдің мәдени мұрасын таныстыру. Акция барысында 10 мыңға жуық шетелдік жолаушыға ерекше сый-құрмет көрсетіледі.

Туристерге қандай сый әзірленді?

Алматыға ұшып келген шетелдік жолаушылар паспорттық бақылау мен кедендік тексеру аймағында ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәтті кәде-сый алады.

Бұл бастама Алматыға келген қонақтарда қала туралы жылы әсер қалдырып, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.