Алматы аулаларында 17 мыңнан аса бейнекамера орнатылды - қалалық ІІД


Қаладағы ұрлық-қарлық сынды қылмыстарды азайтуға бағытталған жаңа бағдарлама 2014 жылы жүзеге асырыла бастаған еді. 
"Бейнекамералар орнатылғалы бері осындай қылмыстардың саны азайды. Қазір 3 мыңнан астам көппəтерлі үй шоғырланған 2 515 аулада камералар орнатылды. Барлығы 16 434 құрал қойылды. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңға жуық аула бақылауға алынады",- деді қалалық ІІД əкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков.