Алматы аялдамаларында электронды табло пайда болады

Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әкімдік аялдамаларға цифрлы таблолар орнатуға қарсы емес. Мұнда оларды қала бюджетінен тыс қаржы есебінен орнату туралы айтылды. Алғашқы табло Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде жыл соңына дейін пайда болады. Бұл істі Көлік холдингі өз мойнына алып отыр. Мегаполис әкімінің тапсырмасына орай біз бұл істі бюджеттен тыс қаржы есебінен орындаймыз және қаланың ірі тораптық аялдамаларын цифрлы таблолармен қамтамасыз етеміз", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.

Ол өзінің сөзінде 200 мыңнан астам тұтынушының онлайн-режимде карта бойынша көлік қозғалысын «Оңай» қосымшасындағы QR-коды арқылы білетінін жеткізді. 360 мың белсенді қолдауншы CityBus қосымшасын пайдалануда.

Жыл аяғына дейін әр аялдамаға қоғамдық көлік бағытының нөмірі, жұмыс уақыты көрсетілген актуалды ақпарат ілінеді.


Айта кетейік, жыл аяғына дейін Алматыда жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға дейін жететін болады. Өткен аптада қалаға тағы 200 жаңа автобус келді. 

"Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүруі тиіс емес. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаңаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаңа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қанағаттануы - тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет", - деді Бауыржан Байбек.