Алматы "барахолкасында" әйел адамды көлік қағып өлтірді


Оқиға 4 қыркүйекте Солтүстік айналама жолда болды., - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Audi көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатқан. Сол сәтте әйел рұқсат етілмеген жерде жолдан өткісі келген. Нәтижесінде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, алған жарақаттардан әйел оқиға орнында мерт болған. Қазіргі кезде оның кім екені анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасы орнында криминалистер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.