«Алматы» баскетбол клубы турнирлік кестедегі жағдайын қиындатып алды


ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында өткен бұл сайыста алматылықтар қостанайлықтарға 71:88 және 73:76 есебімен есе жіберді. Соның нәтижесінде турнир кестесінде 4 жеңіс, 7 жеңілістен кейін олардың пайыздық көрсеткіші (36,4) теңескенмен, доп айырмасы жағынан «Тобыл» 6-дан бесінші орынға көтерілді. Өз орнын қонақтарға босатқан «Алматы» қарсыластардың себетіне 793 доп салып, өз себетіне 850 доп жіберіп алды. Ал «Тобыл» 841 рет қарсыласынан ұпай олжалап, 923 ұпайды өзгелерге таратып отыр.