Алматы базарларын демалыс күндері жабу әлі жалғасады

ҚР Бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысымен Алматы қаласындағы карантиндік шектеулер 31 тамызға дейін созылды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап..

Қаулыға сай, меншік нысанына қарамастан, "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан, сенбі, жексенбі және мереке күндері барлық кәсіпорындар мен ұйымдар қызметі тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері – ойын-сауық парктерінің, аттракциондардың, бөлшек сауда және қалалық саябақтардың аумағындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне тыйым салынады.


Қаулы мәтінімен мына жерден танысуға болады.