Алматы базарындағы өрттің жай-жапсары белгілі болды

Қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі бөлім басшысының орынбасары Игорь Плотниковтің айтуынша, қызыл жалын «Корея» дүкені мен көшіру орталығының шатырын шарпыған. Өртенген аумақ 340 шаршы метрді қамтыды.

Өрт туралы хабарлама 12.10-да түскен болса, 13:14-те өшіріліп үлгерді.

«Электриктердің бөгелуіне байланысты өртті сөндіру қиын болды.  Іште қатты тоқ соғып тұрғандықтан, жалын шарпыған бөлмеге өрт сөндірушілер кіре алмады», - деді И.Плотников.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Алматыдағы Никольский базарында өрт шыққан. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекова растады.  

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызыл жалын бірнеше сауда бутиктері мен «Алатау» дәмханасының шатырын шарпыған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекованың айтуынша, қазір  өрт ауыздықталып үлгерді.

Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылып, бір жедел жәрдем көлігі келген. ТЖД өкілдері өрт туралы толығырақ мәліметті кейін беретіндігін айтты.Алматыдағы Никольский базарында өрт шықты. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекова растады.  


Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызыл жалын бірнеше сауда бутиктері мен «Алатау» дәмханасының шатырын шарпыған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекованың айтуынша, қазір  өрт ауыздықталып үлгерді.

Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылып, бір жедел жәрдем көлігі келген. ТЖД өкілдері өрт туралы толығырақ мәліметті кейін беретіндігін айтты.