Биыл Алматыда жоғары оқу орнын 30 мыңнан астам адам бітірген. 80 пайызын өзге өңірден келгендер. Сол 30 мыңның кемі тең жартысы алып шаһарда тұрақтап қалуды қалайды екен. Ал қала билігі оларды қайтаруға асық. Ол үшін тіпті жаңа жобаларды бастап жатыр. Осы жобаның көмегімен түлектер ауыл-аймаққа жұмысқа орналастырылмақ. Десе де, жер-жерден келген студенттердің мақсаты – бәрібір Алматыда қалып, жұмыс істеу. Тек жастардың таңдауымен алматылық шенеуніктер келіскісі жоқ.
Loading...