Алматы - Бішкек тас жолында автобус өртенді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Басқарманың кезекші бөлімінің хабарлауынша, бүгін таңертеңгі сағат 7-де -Алматы - Бішкек тас жолының 83-ші шақырымында тоқ сымының тұтануы салдарынан ішінде 55 адаммен келе жатқан автобус өртенді, барлық жолаушылар дер кезінде автобустан шығарылды, ешкім зардап шеккен жоқ.