Алматы – Бішкек тас жолында емізулі бала табылды

Хабарлама Lider.kz Instagram парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Stan.kz порталы.

Еріктілердің мәліметінше, сәбиді 2025 жылы 24 қазанда күндіз Алматы – Бішкек тасжолының бойынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алған. Олар мұны бірден полицияға хабарлаған.

Болжам бойынша, қыз бала шамамен 7-8 айлық болған. Үстінде ақ-қызғылт түсті комбинезон, басында қызғылт түсті бас киім болған.

Еріктілер баланың туыстары туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтарды өздерімен телефон арқылы байланысуға, Instagram-дағы direct-ке жазуға немесе 102 нөміріне хабарласуға шақырады.