Алматы ДДҰ-ның медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша астанасы болады


«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясы қабылданғаннан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 5 жыл сайын осында конференция өткізеді. Онда медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуы туралы кеңес өткізіліп, тұжырымдар жасалады. Ал биылғы конференцияның орны өте бөлек. Бұл ең алдымен әлемде алғаш рет Алматыда 2014 жылы ДДҰ МСАК жөніндегі кеңсесі ашылатынына байланысты», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерік Байжүнісов. Оның айтуынша, Алматы әлемдегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының астанасына айналмақ.