Алматы демалуға ыңғайлы қалалардың алғашқы үштігіне енді

Tvil.ru баспана брондау сервисінің хабарлауынша, ТМД елдерінің  қай қалаларына орыстар жиі барғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейтинг 30 желтоқсан - 8 қаңтар аралығындағы сұранысқа орай жасалды. Нәтижесінде Алматы сұранысқа ие қалалардың 3-тігіне енді.

Сондай-ақ, бұл тізімде Минск, Баку,Тбилиси,  Ереван бар. Ресейліктердің көбі Алматыдағы Шымбұлақ курортына демалуды жөн санайды.


Баку қаласында ресейліктер 4 күнге, Минск қаласында - 3-5 күнге, Тбилиси қаласында - 3-5 күнге, Ереван қаласында - 3 күнге, Алматыда 6 күнге тоқтаған.