Mercer Human Resource Consulting компаниясы әлемдегі ең лас қалалардың тізімін құрастырған. Олар дүниежүзінің ірі 215 елді мекеніндегі ауаның ластану деңгейі, қалдықтарды жою дәрежесі, судың ішуге жарамдылығы, аурухана қызметінің, медициналық жабдықтар мен инфекциялық аурулардың болуы бойынша мәліметтерді негізге алған.
1. Баку, Әзербайжан. Ластану индексі: 27,6. Мұнай алу себепті ауаның жоғары деңгейде ластануы атап көрсетілген.
2. Дакка, Бангладеш. Ластану индексі: 29,6. Судың ластануының жоғары деңгейі атап көрсетілген.
3. Антананариву, Мадагаскар. Ластану индексі: 30,1.
4. Порт-о-Пренс, Гаити. Ластану индексі: 34.
5. Мехико, Мексика. Ластану индексі: 37,7.
6. Аддис-Абеба, Эфиопия. Ластану индексі: 37,9.
7. Мумбаи, Үндістан. Ластану индексі: 38,2. Қала экологиясын қалпына келтіру үшін 1 млрд АҚШ долларынан кем емес қаражат керек.
8. Бағдат, Ирак. Ластану индексі: 39. Ирактағы әскери іс-қимылдар және мұнай кеніштерін жағу қала ауасының ластануына алып келген.
9. Алматы (Алма-Ата деп көрсетілген), Қазақстан. Ластану индексі: 39,1.
10. Браззавиль, Конго. Ластану индексі: 39,1. Ауа ластығының жоғарғы деңгейі, ішуге жарамды судың жетіспеушілігі және су құбырындағы судың қалдықтармен ластануы атап көрсетілген.
11. Нджамена, Чад. Ластану индексі: 39,7.
12. Дар-эс-Салаам, Танзания. Ластану индексі: 40.
13. Бангуи, Орталық Африка Республикасы. Ластану индексі: 42,1.
14. Мәскеу, Ресей. Ластану индексі: 43,4.
15. Уагадугу, Буркина-Фасо. Ластану индексі: 43,4.
16. Бамако, Мали. Ластану индексі: 43,7.
17. Пойнт-Нуар, Конго. Ластану индексі: 43,8.
18. Ломе, Того. Ластану индексі: 44,1.
19. Конакри, Гвинея Республикасы. Ластану индексі: 44,2.
20. Нуакшот, Мавритания. Ластану индексі: 44,7.
21. Ниамей, Нигерия. Ластану индексі: 45. Бұл қалада әрбір төртінші бала бес жасқа жетпей қайтыс болады.
22. Луанда, Ангола. Ластану индексі: 45,2.
23. Мапуто, Мозамбик. Ластану индексі: 46,3.
24. Нью-Дели, Үндістан. Ластану индексі: 46,6.
25. Харкорт порты, Нигерия. Ластану индексі: 46,8.
Әлемдегі ең таза қала болып ластану индексі 131,7 пунктті құраған Калгари қаласы танылды.