Алматы еңбек ерлеріне құрмет көрсетті

Бұл қариялар соғыс басталған шақта небәрі 12-14 жаста болған жеткіншектер еді. Жаумен тікелей шайқаспаса да, тылда еңбек етіп, жеңіске бір кісідей үлестерін қосқан. Бірі далада, енді бірі зауытта тер төгіп, майдан шебінде жаумен айқасқандарға азық-түлік, киім, оқ-дәріге дейін жөнелтіп отырды. Еңбек майданының ардагерлеріне арналған шара соңы концертке ұласты.  

Loading...