Жарылыс 15-қыркүйекте 14 сағат 15 минутта самса сататын дүңгіршекте шыққан. Жарылыс қуатынан самса сатушы 19 жастағы қыз дүңгіршектің терезесінен атып шыққан. Ол қалалық 4-ші ауруханаға жеткізілді.
Жарылыс салдарынан самса сататын екі дүңгіршек пен ұтыс билеттерін сататын жайма сөре жанып кетті. Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілер зардап шеккен жоқ.
Құтқару қызметінің ақпаратына сәйкес, "жарылысқа қолдан жасалған газ баллоны құралдарын пайдалану себепші болған".
Қазір бұл дерек бойынша Түріксіб аудандық ішкі істер бөлімі мен өрт сөндірушілер тергеу жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті