Алматы ІІД «Адем» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерді полицияға арыз жазуға шақырды


Бастапқы деректерге қарағанда, тілсіз жаудың кесірінен шығынға батқандар саны 1,5 мың адамнан асып жығылады.
Сондықтан ІІД барлық кәсіпкерлерді арнайы құрылған жедел-тергеу тобына ресми түрде өтініш жазуға шақырады. Бұл істі тексеру-тергеу амалдарының объективті жүргізілуіне, толық әрі жан-жақты мәлімет жинақтауға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.