Алматы ІІД қызметкерлері спорт клубында орын алған жаппай төбелестің мән-жайларын анықтауға кірісті

Ішкі істер департаментінің қызметкерлері өткен түнде ғаламторда жарияланған бейнежазбаны жан-жақты талдады. Аталған факті сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 293 бабының 2 бөлімімен (бұзақылық) енгізілген.

Бостандық ІІБ-ның қызметкерлері болған оқиғаның  нақты жағдайларын анықтауға кірісті.

Бұған дейін ғаламторда спортшылардың қалыпты спаррингінің жаппай төбелеске айналып кеткені туралы видео жарияланған болатын.