Алатаудың бөктерінде өтетін ретро-кешке осымен екінші жыл тегін кіру жүйесі қосылған. Бірақ фестивальдің ресми сайты - «Almalove.kz-ке» тіркеліп, қолыңызда арнайы шақырту қағазыңыз болуы тиіс. Немесе радио мен ғаламтор беттерінде жүргізіліп жатқан түрлі викториналарға қатысып, екі билет ұтып алуға болады. Сонымен, «Алматым – іңкәрім менің» фестивалі 6 қыркүйекте көпшілікті Халықаралық шаңғы трамплині кешенінде күтеді. Осымен 15-ші мәрте шымылдығы ашылатын концерт Голливуд стилінде өтеді деп күтілуде. Оған жүзге жуық әнші қатысып, ескі әндерді жаңаша түрлендірмек. Дәстүрге сай биыл да ретро-мерекеге арнайы шақырылған шетелдік жұлдыздар көп.