Алматы ипподромында үшінші маусым ашылады

13 бәйге күнінен құралған биылғы маусымға 150 жылқы қатысады. Олардың 30 араб, 120-сы ағылшын текті таза қанды пырақтар. Н.Тілеулесовтың айтуынша, биылғы бәйге қоры ТМД аумағында ең жоғары көрсеткішке жетіп, 450 мың долларды, немесе, 62 млн. теңгені құрап отыр.

Бүкіл ТМД аумағы бойынша Алматы ипподромының "қарқынды" дамып келе жатқанын атап өткен директор қазір Қазақстанға әкелінген өнімдік жылқылар мен арғымақтардың сапасы арта түскенін айтты. Оның айтуынша, "еліміз әлемдік жылқы әуесқойлары қауымдастығына толыққанды мүшелікке өте алады".
Алматы ипподромының баспасөз хатшысы Ахат Разақтың айтуынша, Алматы ипподромында ТМД көлеміндегі ең таңдаулы жаттықтырушылар мен шабандоздар жұмыс істейді. Оның пікірінше, Қазақстандағы асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту жағдайы (табиғи және экономикалық) Ресейдегіден әлдеқайда артық.
Н.Тілеулесовтың айтуынша, қазір Алматы ипподромында "30 ғана жылқы орны жарақталған", ол орындардың өзі иелі. Сол себепті жаңа ат қоралар салу мәселесі туындап отыр. Сапалы бәйгелер ұйымдастыру үшін, маманның айтуынша, 500 жылқыға орын қажет. "Алдағы уақытта мұндай мүмкіндікке қол жетеді дегенге сенім зор",- деді ол.