Алматы іргесіндегі ірі өрттен жапа шеккен екі адам 35-40 пайыз күйікпен ауруханаға түсті

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев хабарлады. Оның айтуынша, жеңіл жараланған 1 адам үйіне қайтарылса, қалған екеуінің денесінің 35-40 пайызын күйік шалған. Қазір олар ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала анықтау бойынша тілсіз жау 1800 шаршы метр аумақты шарпыған.


Гидроизоляциялық материалдар шығаратын цех «Толпан» ЖШС-ына тиесілі екендігі белгілі болды.