А.Чоудхуридің айтуынша, "Алматы іс-қимылдар бағдарламасы - конференцияның бас қорытынды құжаты болып табылады. Онда бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға негіз болатын негізгі әріптестік тетіктері қамтылған".
"Теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің бірегей сұранысын қамтамасыз ету мүддесіне орай әріптестік" деп аталатын Алматы іс-қимылдар бағдарламасы 2003-жылдың қазан айында БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін отырысында қаралатын болады,- деп мәлімдеді А. Чоудхури.
Ашық теңізге шыға алмайтын елдердің конференциясына дүниежүзінің 83 елінен өкілдер қатысуда. Конференция бүгін аяқталады.