Алматы кәсіпкерлері ҚТҚ шығару тарифін қайта қарастыруды ұсынады

Қолданыстағы қоқыс шығару тарифі шығындарды өтемейді


Қоқыс шығарушы компаниялардың өкілдері тарифті ұлғайту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Сaravan.kz  медиа порталы. 

Қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығарып, оларды сұрыптау үшін қолданыстағы тарифті ұлғайту қажет. Қоқыс шығарушы компаниялар 2017 жылдан бері өзгермеген қолданыстағы тарифті тиімсіз деп есептейді.
Кәсіпкерлер қолданыстағы адам басына 553 теңгелік тариф материалды-техникалық базаны жаңартып, қызметкерлерге бәсекеге қабілетті жалақы төлеуге мүмкіндік бермейтіндігіне шағымдануда. Нарық қатысушыларының пікірінше, қолданыстағы қоқыс шығару тарифін кемінде 30%-ға арттыру қажет. Бұл - шамамен 150-180 теңге.
«Коммуналдық қызметтер үшін түбіртекті қарайтын болсақ, онда бір пәтерге шаққандағы орташа чек 25-30 мың теңгені құрайды, оның ішінде ҚТҚ шығару үшін төленетіні небәрі 3,5%-ды құрайды. Соңғы бес жылдың ішінде біздің кәсіпорын итальяндық өндірістің 50-ден астам қоқыс таситын көлік сатып алды. Одан бөлек, бөлшектер, шығын материалдары, ЖЖМ жыл сайын қымбаттауда. Сонымен қатар, жүргізушілер мен жинақтаушыларлың жалақысын көтеруіміз қажет», - деп атап өтті компаниялардың бірінің өкілі Қуаныш Наметов