Алматы халықаралық әуежайында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері «Душанбе -Алматы» әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында Тәжікстан Республикасының азаматының жүгінен суық қару тапқан.
Ұсталған күдіктінің жүгіне тексеру амалдарын жүргізу барысында кеден органында декларацияланбаған көлемі әр түрлі 3 дана суық қаруы тәркіленген.
Бүгінгі уақытта Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тәркіленген дәйекте ҚР ҚК 251-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық істің белгілері бар болуына сәйкес тергеу жұмыстарын жүргізуде.