Алматы əкімдігі Кіші Алматы өзенінің арнасынан тасуының себебін айтты

Қазір Есентай өзенінің Үлкен Алматы каналынан Көкжиек шағынауданына дейінгі аймағы қайта жасалып жатыр. Соған байланысты су Кіші Алматы өзеніне уақытша бұрылған болатын.

"Бөгенбай көшесінің тұсында өзен арнасында екі дөңгелек бітеліп қалған. Соның кесірінен өзен арнасынан тасып су көшені басып қалды. Қазір  арна қайтадан Есентай өзеніне бұрылды. Жаяу жүргін жолы тазартылып жатыр",- деді қалалық Табиғатты пайдалану жəне табиғи ресурстар басқармасынан.

Айта кету керек, төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.