Алматы колледжіндегі жарылыс кезінде жарақат алған 15 адамның біреуі әлі ауруханада жатыр


Бұл туралы бейсенбі күні   қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазір жедел жәрдем ауруханасында бр ғана  науқас қалды. Қалған балалар оңалту курсынан өту үшін шипажайға ауыстырылды”, - дейді сұқбат беруші.
Бұған дейін хабарланғандай, 17-қараша күні таңертең Алматы сән және дизайн колледжінде Бастауыш  әскери дайындық пәнінде граната жарылған болатын. Салдарынан бір қыз сол жерде жан тапсырды.