таулы жерлерде – 50 cм құрады.
«Қарды аршу, құм төсеу, қарды сыртқа тасуды коммуналдық қызметтер тоқтамастан атқарды», - делінген Алматының табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының бүгінгі хабарламасында.
Басқарма мәліметіне сәйкес, күнде қала көшелерінде 465 арнайы техника мен 1120 адам жұмысқа тартылды.
Сонымен қатар, 30-31 наурызда түн мезгілінде қар тазалауға қосымша 44 жүк көлігі тартылды.
Қазгидромет мәліметі бойынша, алдағы бірнеше тәулік ішінде Алматыда қар жаумайды.