Оған қатысушылар - әр түрлі жастағы 1000-нан астам адам - «Астана» алаңынан бастап, 28 Панфиловшылар атындағы саябаққа дейін жаяу жүріп өтті. Сосын, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Бұл шараға қатысқан алматылықтар қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан өздерінің әке-аталарының, туған-туыстарының портреттерін зор мақтанышпен ұстап жүрді. «Ата-бабаларымыздың ерлігі жадымызда мәңгілік сақталады. Біз оларды мақтан тұтамыз» - деді қатысушылардың бірі.
Айта кетелік, «Мәңгілік полк» азаматтық акциясы 2012 жылы Ресейдің Томск қаласында бастау алған болатын. 2013 жылы бұл шара 120 қалада, ал 2014 жылы жеті елдің 500 астам қаласында ұйымдастырылды. Оған жарты миллионнан астам адам қатысты. Алматыда бұл шара тұңғыш рет өткізілді.