Ол жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оларды азайту, жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтау және оларды болдырмауға бағытталған.
«Шара барысында жеке құрам күшейтілген режімде жұмыс істейтін болады. Жол қиылыстарында, автокөлік жолдарында және елді мекендердің көшелерінде кезекшілік ететін полиция жасақтарының саны арттырылады.Полиция қызметкерлері автокөлікпен және жаяу шолғындайтын болады», - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.
Шара аясында жеке құрамның алдына жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтау және болдырмау, сондай-ақ, ереже талаптарын елең қылмайтын жүргізушілерді анықтау міндеті қойылды.
«Сонымен қатар, неке шеруіне қатысушы автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзу, автокөліктерінің әйнектерін тұмшалап алу, жалған мемлекеттік нөмір жасап алу, автокөлікті өзгертіп жабдықтау, жалтылдайтын шамшырақ орнату деректеріне жол берілмейді», - деді Ж. Байкенов.
Естеріңізге сала кетелік, «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы Алматыда 5 маусымға дейін созылады.