Алматы көшелерінде көктайғақ: 2440 тонна құм себілді

Алматы әкімдігі қар тазалау бойынша жұмыстарды тәулік бойы атқармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеше кешкі уақыттан бастап түні бойы жауған қардың биіктігі 4 см жетті.

«Жергілікті коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы 2440 тонна құм мен 1530 тонна тұз қоспасын сеуіп шыққан. Сонымен қатар тротуарлар мен жолдар қардан тазартылған. Қар тазалау жұмыстарына 526 техника, 1416 жұмысшы жұмылдырылды», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Казгидромет» РМК болжауынша, Алматыда 5 желтоқсанға қар жаууы ықтимал.


Аудандық әкімдіктер қар тазалау жұмыстарына тәулік бойы кезекшілік белгіледі.