Өкінішке орай, пілдер мен понилер сапында болады деген кенгуру мен шипанзе шеруге шыға алмады. Жылы жақтың хайуандары үшін Алматының бүгінгі күн райы салқындау болған көрінеді. Бірақ цирк монежінде барлығы болады деп сендіріп отыр. Ал пілдер оңтүстік астананың ең ірі даңғылы Абай көшесімен жүріп өтті. Жаруарларды тамашалауға жиналғандардың да қарасы қалың. Кіші көрермен былай тұрсын, үлкендер де дән риза.
Зәуре Қалиақпарова Алматы қаласының тұрғыны:
- Өте жақсы, балалардың көңілдері көтеріліп, жақсы болды! Пілдердің жай көшеде жүретінін көрдік.